14.08.2025, 11:52
Жаңалықтар
Пәтер тонаған: Алматыда ер адам ақша толған сейфті чемоданға тығып, алып шыққан (ВИДЕО)
Алматыда ірі пәтер ұрлығы ашылды
Фото: Алматы қаласы ПД
Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық криминалдық полициямен бірлесіп, жеке үйден ішінде қомақты қаражат сақталған сейфті ұрлаған 33 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті сейфті үйден чемоданға салып алып шыққан.
Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы болуы мүмкін
Тергеу барысында оның тағы бір ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Полиция деректеріне сәйкес, ол ұрлықты тек түнгі уақытта жасаған және қаланың басқа аудандарында да әрекет етуі мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық ықтимал эпизодты анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұрын да ұрлық жасаған
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазір ұсталған азамат қамауға алынды.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек