$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда балаларына алимент төлемеген 9 ата-ананың қарызы 46 млн теңгеден асты

Атырауда алимент төлеуден қасақана жалтарған тоғыз адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуда

Атырауда балаларына алимент төлемеген 9 ата-ананың қарызы 46 млн теңгеден асты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Барлық факті бойынша қала прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.

Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқалары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауаптылықта да әкеп соқтыратынын ескертеді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары