$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында азық-түлік бағасы шекті мөлшерден қымбатқа сатылғаны анықталды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында заңбұзушылық анықталды

Абай облысында азық-түлік бағасы шекті мөлшерден қымбатқа сатылғаны анықталды
Фото: freepik.com

Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізген талдау барысында 19 түрлі тауардың 6 түрі белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақтық прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар облыс орталығына нақты бағаларды төмендетіп көрсеткен жалған мәліметтер ұсынған.

Картоп 44%-ға қымбат сатылған

Мысалы, картоптың шекті бағасы 275 теңге болып белгіленсе, оның нақты сатылу бағасы 415 теңгені құраған (+44%).

Ұқсас баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдері бойынша да тіркелді. Мониторингтің болмауы мен әлеуметтік дүкендердің жоқтығы заңнама талаптарына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тиісті баға мониторингін жүргізбеген.

Бұл жағдай бағаның өсуіне бақылаудың болмауына және деректердің бұрмалануына әкелген. Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік дүкендердің мүлде жоқтығы анықталды.

Прокуратураның араласу нәтижелері

Прокуратура араласқаннан кейін баға мониторингі күшейтілді, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырып сатуға жол бермеу бойынша жұмыс басталды.

Аягөз қаласындағы екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісім жасалды.

Серіктес жаңалықтары