$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында топтасқан адам бір отбасыны аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Түркістан облысында топтасқан адам бір отбасыны аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында топтасқан адамның бір отбасыны соққыға жығып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, Сайрам ауданында 8 адамнан құралған топ бөтен үйге баса-көктеп кіріп, үй ішіндегі отбасыны соққыға жығып кетті. Оларды өзге тұрғындар құтқарып қалған.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«Сайрам ауданында дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан барлық адам полицияға жеткізіліп, жауап алынды. Тексеру барысында көршілер арасындағы жанжалдың тұрмыстық негізде болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта тараптардың уәждері зерттеліп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, іс материалдары сотқа жолданады.

Тергеу мүддесіне орай, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары