$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында «брокерлерге» сенген екі әйел интернет-алаяқтардың құрбаны болды

Олар «брокерлерге» сеніп қалды

Ақмола облысында «брокерлерге» сенген екі әйел интернет-алаяқтардың құрбаны болды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында екі тұрғын өзін қаржы-брокерлік компания өкілі ретінде таныстырған алаяқтарға сеніп, ірі көлемде ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалған уәде мен «жеке кабинет»

11 тамыз күні Сандықтау аудандық полиция бөліміне жәбірленушілер «Industrial-Trading» компаниясы атынан хабарласқан алаяқтардың құрбаны болғанын айтты.

Белгісіз нөмірден қоңырау шалғандар өзін «брокер» деп таныстырып, инвестициядан тез пайда табуды ұсынған. Сендіру үшін олар жинақталған үлкен сомасы бар жалған «жеке кабинетті» көрсеткен.

Несие алып, ақшаны аударған

Тез пайдаға қызыққан әйелдер банктерден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам бірнеше ақшалай және тауарлық несие рәсімдеп, қаражатты алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған. Ақша түскен соң қылмыскерлер байланысқа шықпай қойған.

Бір жәбірленуші танысын да сендірген

Алаяқтарға сенген жәбірленушілердің бірі өзінің танысына да «оларға сенуге болады» деп айтып, оны да алдап соқтырған.

Тергеу басталды

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді

Полиция департаменті азаматтарға белгісіз адамдардың қоңырауларына немесе хабарламаларына сенбеуге кеңес береді.

  • Бейтаныстардың нұсқауымен несие рәсімдемеңіз, ақша аудармаңыз;
  • Қосымша немесе сайттағы «теңгерім» жалған болуы мүмкін;
  • Өз қаражатыңызды қорғаңыз, алаяқтарға алданбаңыз.

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін дәрістер өткізіп, брошюралар таратып келеді. Дегенмен, мұндай схемалар белгілі болса да, кей азаматтар әлі де қылмыскерлердің қақпанына түсіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары