$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Джей Лоның концертінен шыққан шу: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді

Жасөспірімдердің еңбек қызметі заң аясында ғана жүзеге асырылуы тиіс, дейді комитет

Джей Лоның концертінен шыққан шу: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді
Фото: instagram.com/onthejlo

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда Джей Лоның концерті аясында кәмелетке толмағандардың волонтерлік қызметі кезінде олардың еңбек құқықтарының бұзылуы мүмкін деген өтінішті қарастырып жатыр. Мәселе жергілікті атқарушы органмен және Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп зерттелуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитет мәліметінше, жасөспірімдердің еңбек қызметі заң аясында ғана жүзеге асырылуы тиіс – 14-16 жастағылар аптасына 24 сағаттан, 16-18 жастағылар 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек.

«Міндетті түрде ата-ананың немесе заңды өкілдің жазбаша келісімі қажет. Заң бойынша оларды түнгі уақыттағы (22:00-06:00), артық жұмыс уақытымен, вахталық әдіспен, қоса атқару арқылы және жиынтықталған жұмыс уақыты есебімен жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Анықталған заңбұзушылықтар туралы еңбек инспекциясына, Комитетке немесе 111 нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз», – делінген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертіне қатысқан кейбір волонтерлердің жұмыс жағдайына байланысты наразылық туындаған болатын.

Серіктес жаңалықтары