$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында түрме қызметкерлері қателесіп басқа сотталушыны босатып жіберген

Құжаттағы шатасудан қате кеткен

Атырау облысында түрме қызметкерлері қателесіп басқа сотталушыны босатып жіберген
Фото: azh.kz

Атырау облысындағы тергеу изоляторында мерзімі аяқталған сотталушының орнына басқа адам босатылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің мәліметінше, бұған тегі бірдей адамдарды шатастыру себеп болған. Босату құжаттарына басқа сотталушының мәліметтері енгізілген, ал қағаздар түрменің бірнеше лауазымды қызметкері тарапынан расталғаннан кейін басқа адам бостандыққа шыққан.

Қате тез арада түзетілді

Алайда көп ұзамай қателік анықталып, ер адам қайтадан изоляторға қайтарылды.

«Қызметкердің жіберген қателігі салдарынан сотталушыны мерзімінен бұрын босату туралы құжат рәсімделген. Факт дер кезінде анықталып, тоқтатылды. Сотталушы қазір түзеу мекемесінде. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі таңда түрме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері келіп, тексеру шараларын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары