Павлодарда ірі көлемде есірткімен ұсталған қазақстандық Мәскеуге қашып кеткен
Бас прокуратура сотталған азаматты елге қайтарды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сот үкімін орындау мақсатында Ресей Федерациясынан сотталған қазақстандықты экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодарда аса ірі көлемде есірткі сатқан
2014 жылы ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.
Полиция қызметкерлері оны 66 келі марихуана мен 8 келі гашишті сату мақсатында тасымалдау кезінде ұстаған.
Алғашқыда ақталған, кейін үкім өзгертілді
2015 жылы сот үкімімен ол ақталған. Алайда прокурордың наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
6 жылдан астам уақыт бойы жасырынған
Жазадан қашу мақсатында соттан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 6 жылдан астам уақыт бойы жасырынған.
Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді
2024 жылдың желтоқсанында іздеудегі азамат Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр және тағайындалған жазасын өтейді.