$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада көшенің қақ ортасында егде тартқан ер адам қыздың бөксесінен сипап өтті (ВИДЕО)

Полицейлер қаскүнемді ұстады

Астанада көшенің қақ ортасында егде тартқан ер адам қыздың бөксесінен сипап өтті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанада терезе жуып жатқан қызды бейтаныс еркек жәбірледі: ол бойжеткеннің жанынан өтіп бара жатып бөксесінен сипаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Астананың Нұра ауданындағы тұрғын үй кешенінің терезесін жуып жүрген екі қыз өздері үшін видео түсіріп жатқан. Ариана есімді пилатес жаттықтырушысы еңкейген кезде қасынан өтіп бара жатқан ер адам оның бөксесіне қолын тигізген.

Қыздар не істерін білмей абдырап тұрып қалған. Ариана оның видеосын әлеуметтік желіде жариялады, желі қолданушылары полицияға арыз жазуға шақырды.

«Мен бұл адамның үстінен арыз жаздым. Барлығы мені қолдап отыр. Онлайн түрде арыз жаздым, енді полицияға барып, жазбаша түрде арызданамын. Желіде көптеген адам мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын атап өтті», - дейді Ариана.

Полиция түсініктемесі

Астананың ПД баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше құқық бұзушы анықталып, ұсталған.

«Бойжеткенді қорлауға қатысты оқиға бойынша полицейлер 58 жастағы құқық бұзушыны анықтап, ұстады», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қаскүнемге қатысты материалдар құқықтық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары