$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысындағы жаға ұстатарлық оқиға: әкесі мен баласы 200 кило есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында әкесі мен баласы 200 кг-ға жуық есірткі үшін сотталды

Жамбыл облысындағы жаға ұстатарлық оқиға: әкесі мен баласы 200 кило есірткімен ұсталды
Фото: istockphoto.com

2024 жылдың күзінде «У» және «Т» есімді екі азамат аса ірі мөлшердегі «гашиш» және «кептірілген марихуана» есірткі заттарын өткізу мақсатында жинап, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы шаруа қожалыққа жасырған. Заңсыз ісі үшін оларға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12,7 кг гашиш сату кезінде ұсталды

1 желтоқсан 2024 жылы облыстық ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде олар 12,7 кг «гашиш» есірткі затын 1 миллион теңгеге өткізу кезінде қолға түсті.

Шаруа қожалықтан 185 кг марихуана тәркіленді

Күдіктілерге тиесілі қожалық аумағынан өсімдік тектес заттар салынған 13 қап тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 кг «кептірілген марихуана» табылды.

Сот үкімі және жаза мөлшері

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 23 шілде 2025 жылғы үкімімен әкесі мен баласын адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтау, тасымалдау және өткізу қылмысы бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура ескертеді

Прокуратура органдары ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе өткізу 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ мүлкін тәркілеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары