$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Соғыс жүріп жатқан елдерге бармақ болған бірнеше адам сотталып кетті – ҰҚК

Терроризмді насихаттағандар да бар

Соғыс жүріп жатқан елдерге бармақ болған бірнеше адам сотталып кетті – ҰҚК
Фото: istockphoto.com

Биыл шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің материалдары бойынша 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқан жергілікті тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол басқа мемлекет аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметпен бірлесіп, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.

Түрмеде қосымша жаза

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеология жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға сотталды.

Әр өңірде сот үкімдері шықты

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарға баруға әрекеттенген 5 азаматқа 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Терроризмге қарсы күрес жалғасуда

ҰҚК мен құқық қорғау органдары терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимылды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары