$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев кинологтарды қазақ тазысының жетістігімен құттықтады

Қазақстандық делегация Хельсинкиге қатаң критерийлер бойынша іріктеп алынған және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалған сегіз итті алып барды

Тоқаев кинологтарды қазақ тазысының жетістігімен құттықтады
Фото: ҚР Президентінің Іс басқармасы

Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды», - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.

2025 жылдың 8 тамызында Финляндия астанасында Халықаралық кинология федерацияның (FCI) бастамасымен World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесі аясында «қазақ тазы» тұқымының ресми әлемдік премьерасы өтті.

Қазақстандық делегация қатаң критерийлер бойынша іріктеп алынған және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалған сегіз итті алып барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 25 мың жануардың арасында біздің иттер алғаш рет FCI мойындаған тәуелсіз тұқым ретінде жарысқа қатысты.

Серіктес жаңалықтары