$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда полицейлер жолда қалған қытайлық туриске көмектесті

Полицейлер ГАЗель жүк көлігін тоқтатып, шетелдік туристі мінгізіп жіберді

Маңғыстауда полицейлер жолда қалған қытайлық туриске көмектесті
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер шетел азаматына көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының патрульдік полиция қызметкерлері республикалық Шетпе — Сайөтес — Бейнеу тас жолында Сайөтес ауылына қарама-қарсы жол жиегінде жүрген Қытай Халық Республикасының азаматы – мотоциклшіні байқап қалған. Турист Ақтау қаласына қарай қозғалысын жалғастыра алмаған.

«Полиция тоқтау себебін анықтау үшін шетелдіктен себебін сұрайды. Әңгімелесу барысында туристің мотоциклінің дөңгелегі жарылып кеткені және оның баратын жеріне өз бетінше жете алмағаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Патрульдік полиция қызметкерлері ГАЗель жүк көлігін тоқтатып, жүргізушімен шетелдік туристі мотоциклмен бірге Ақтау қаласына жеткізу туралы келісті.

«Бұл жағдай полицияның басты міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сондай-ақ азаматтығына қарамастан қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету екенін тағы да растайды», - деп түйіндеді полиция.

Серіктес жаңалықтары