10.08.2025, 18:37
Жаңалықтар
Қазақстанда дүйсенбіде аптап ыстық болады – Қазгидромет
Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады
Фото: © istockphoto.com
11 тамыз күні еліміздің оңтүстігінде +40 °C-қа дейін, ал Алматы облысының кей жерлерінде +41 °C дейін ыстық күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел аумағында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» болжамынша, 11 тамыз 2025 жылы Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Бұған ел аумағына антициклонның сілемі әсер етеді.
Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты:
- өткінші жаңбыр жауады;
- күн күркірейді;
- кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді.
Қауіпті метеожағдайлар
Синоптиктердің дерегінше:
- түнде және таңертең – солтүстік пен орталықта тұман түседі;
- күндіз – оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі;
- Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында +40 °C аптап ыстық болады;
- Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+37 °C;
- Ұлытау облысында – +35…+36 °C;
- Алматы облысының батыс, солтүстік және орталық бөлігінде +41 °C өте қатты ыстық күтіледі.
«Азаматтардан ауа райы жағдайын ескеріп, ыстықтан қорғану шараларын қабылдауды сұраймыз», – деп ескертті «Қазгидромет».
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді