$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы көшелердің бірі 20 тамызға дейін жабылады

11 тамыздан бастап онда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанадағы көшелердің бірі 20 тамызға дейін жабылады
Фото: © istockphoto.com

Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 11 тамыздан 20 тамызға дейін уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай учаске жабылады?

Жабылатын жол бөлігі:

  • Қ. Мұнайтпасов көшесінен бастап
  • Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралық.

Қозғалыс қалай ұйымдастырылады:

  • Көліктер екі бағытта, жолдың бір жағы арқылы қозғалады.
  • Уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту

Жол қозғалысына өзгерістер енгізілгендіктен, маршрутты алдын ала жоспарлау және жөндеу жұмыстары жүретін аймақтан абайлап өту сұралады.

«Жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында барлық қажетті белгілер қойылады», – деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Астанада соңғы айларда бірнеше негізгі көше мен даңғылда жөндеу және қайта төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — жол сапасын жақсартып, көлік қозғалысын жеңілдету мақсатындағы кешенді жоспардың бір бөлігі.

Серіктес жаңалықтары