Ел аймақтарында Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар өтті
«Сөйле» тілдесу үйірмесінің кезекті сабағы Алматы қаласында өтті

Еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай түрлі мәдени және рухани шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды қаласының Орталық саябағында «Жастар Рухы» Жастар қанаты поэзиялық кеш өткізді. Көрермендерге арналған шағын концертте қазақтың киелі күйі домбырамен орындалып, Абай шығармашылығына арналған поэзия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қатысушылары ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Үздік өнер иелеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Абай облысында «Абай әлемі» атты сурет байқауы өтті. Жас қылқалам шеберлері ақынның портретін бейнелеп қана қоймай, оның терең ойлары мен мәңгілік мұрасын бояу тілімен жеткізді. Байқау қорытындысында үздік жұмыстар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар Қызылорда, Ұлытау және Шымкент қалаларында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кештер ұйымдастырылды.
Алматы облысында Абай бюст-ескерткішінің маңайында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ «Менің Елім – Менің Тілім» жобасы аясында «Сөйле» тілдесу үйірмесінің кезекті сабағы Абай Құнанбайұлының 180жылдығына орай Алматы қаласында өтті.