10.08.2025, 10:33
Жаңалықтар
Үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін – Қазгидромет
Мамандар тұрғындарға ауа сапасының нашарлауына байланысты кеңес берді
Фото: © istockphoto.com
10 тамызда үш қалада зиянды заттардың ауада жиналуы болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай қалаларда жағдай күрделі болады
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Ақтөбе және түнде Астана қалаларында атмосферадағы зиянды қоспалардың шоғырлануы артады. Бұл қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен байланысты.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Қолайсыз метеожағдай – бұл ауада зиянды қоспалардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар.
Оларға мыналар жатады:
- Штиль – желсіз ауа райы;
- Әлсіз жел – ластаушы бөлшектердің жиналуына әкеледі;
- Тұман – көріну қашықтығын азайтып, зиянды қоспаларды жер бетінде ұстап қалады;
- Температуралық инверсия – жылы ауа қабаты суық ауаны басып, ластаушы заттарды жоғары көтерілуіне жол бермейді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар, әсіресе, өнеркәсіптік аймақтарда және көлік қозғалысы тығыз аудандарда ауа сапасының тез нашарлауына себеп болады.
Тұрғындарға ұсыныстар
Ауа сапасының нашарлауы кезінде дәрігерлер:
- Таңертең және кешке далада ұзақ уақыт болмауды;
- Дене жаттығуларын тек жабық ғимараттарда жасауды;
- Терезелерді мүмкіндігінше жабық ұстауды;
- Маска немесе респиратор қолдануды ұсынады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді