$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында серуендеп жүрген екі адам қиын жағдайға тап болды

Олар медициналық көмекті қажет етпеді

Қарағанды облысында серуендеп жүрген екі адам қиын жағдайға тап болды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында тауда адасып кеткен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 1973 және 1977 жылы туған екі азамат Қарқаралы ауданындағы орманда серуендеп жүріп адасып кеткен.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті қызметтер жұмылдырылды. Құтқарушылар оларды Қарқаралы қаласынан шамамен 10 шақырым жерден тауып, қалаға жеткізді», - деп жазылған хабарламада.

Олар медициналық көмекті қажет етпеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары:

  • табиғатқа шығар алдында маршрутты мұқият жоспарлап шығуға,
  • жақындарыңызды жоспарларыңыздан хабардар етуге,
  • байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуға кеңес берді.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар орманда адасып кеткен әйелді тапқан болатын. Ол таңертең күйеуімен бірге саңырауқұлақ теруге орманға шығып, серуендеу кезінде адасып кеткен және оның қайда екені ұзақ уақыт бойы белгісіз болды.

Серіктес жаңалықтары