09.08.2025, 18:14
Жаңалықтар
Өңірлердегі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы тексеріледі
200-ден астам жаңа мектеп ашылады

Фото: © istockphoto.com
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылау үшін өңірлерге арнайы жұмыс топтары жіберілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
200-ден астам жаңа мектеп ашылады
Министрліктің дерегінше, 2024–2025 оқу жылында ел бойынша 300 мыңға жуық оқушы орны бар 200-ден астам жаңа мектеп іске қосылады.
Оның ішінде:
- 112 мектеп – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында (206 мың орын);
- 15 апатты мектеп жойылады;
- Үш ауысымды оқыту толықтай тоқтатылады;
- 150 мыңға жуық орын тапшылығы қысқарады;
- Ауыл мектептерінің жағдайы қала деңгейіне жақындайды.
Мектептерді ауқымды жөндеу жұмыстары
Бұдан бөлек:
- 245 мектепте шатыр, қасбет, терезелер жаңартылып, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жасалады, аумақ абаттандырылады;
- 1000 ауыл мектебінде кітапхана, асхана, қауіпсіздік жүйесі жаңартылады, жиһаз ауыстырылады;
- Химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 жаңа пәндік кабинет орнатылады.
Министр тапсырмасы
«Мемлекеттік білім беру бағдарламалары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Ол үшін өңірлердегі нақты жағдайды көру маңызды. Балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы білім алуына ерекше мән беру қажет», – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сапар барысында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
29.09.2025, 09:56
Тоқаев министрлерді неге ауыстырды: Ақорда ауыс-түйістің себебін айтты
29.09.2025, 17:25
Әнші Бейбіт Қорған ұшақта ішіп алып, шу шығарды – дереккөз
29.09.2025, 07:51
«Мұрныңнан ағып кетпесін»: Қайрат Нұртастың «дауысы жоқ» деген адамға әншінің анасы шүйлікті
29.09.2025, 09:42
Шұғыл: Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Редактордың таңдауы
29.09.2025, 14:31
Алматы бюджеті «Реалдың» арқасында 2-3 млрд теңге пайда таппақ
29.09.2025, 14:13
Созақта толғағы қысқан жас ана жедел жәрдем көлігінде босанып қалды