$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абайдың 180 жылдығы: Семейдегі мерейтойға қатысқан Мәжіліс депутаты үндеу жасады

Ол Жидебайдағы ұлы ақын мен Шәкәрім кесенесіне барып, арнайы тағзым етті

Абайдың 180 жылдығы: Семейдегі мерейтойға қатысқан Мәжіліс депутаты үндеу жасады
Фото: parlam.kz

1 тамыздан бастап Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Абай облысы орталығы — Семей қаласында өтуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан мерейтой аясында Жидебайдағы ұлы ақын мен Шәкәрім кесенесіне барып, арнайы тағзым етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Абай — қазақ руханиятының темірқазығы»

Депутаттың айтуынша, мерейтой тек еске алу емес, қазақ қоғамының ойлануына, ұлттың ұстанымдарын айқындауына мүмкіндік беретін маңызды шара.

«Ұлы Абай – қай кезеңде де темірқазық. Қазақтың қара баласы дүниеге келіп, адамзаттың ой көшіне ұлтымыздың байлығын апарған тұлғаға біз үнемі оралып отыруға тиіспіз», – деді Жанарбек Әшімжан.

Ол сондай-ақ ел Президентінің жыл басында Абайдың 180 жылдығын атап өтуді, оның рухани мұрасын ұлт үшін бағдаршамға айналдыру керектігін айтқанын еске салды.

Абай мұрасы — жас ұрпаққа аманат

Мәжіліс депутатының пікірінше, мерейтой аясында:

  • шығармашылық тұлғалар Абайдың еңбектеріне қайта оралуда;
  • жас буынға ақын мұрасын терең тануға жағдай жасалуда;
  • Абайдың өсиеттері қазіргі қазақ жастарының ұстанымына айналуы тиіс.

Абайдың бірлік туралы ойы — бүгін де өзекті

Жанарбек Әшімжан ұлы ойшылдың алтыншы қара сөзіндегі бірлік туралы көзқарасын ерекше атап өтті.

«Абай бірлік – малда емес, ақылда болады деген. Ақылға бірігу — ұлттық мүдде мен елдік жолға бастайды», – деді ол.

Ұлттық рухқа үндеу

«Қазақстанның әр өңірінен қазақ баласы Абайдың басына келіп, тағзым етуі керек. Қай кезеңде де Абай дәуірімен бірге жасайық, Абай ұстанымы – біздің ұстанымымыз болсын», – деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.

Серіктес жаңалықтары