Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды
Ол осыған дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Арман Әбдірәсілов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады.
2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті.
2013-2020 жылдары – «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ компаниялар тобының директоры болды.
2020 жылы тамызда «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.