Алматыда полицей гүл сатып, күнін әрең көріп отырған әжейдің заттарын жинап алып кетті (ВИДЕО)
Полиция қызметкері қолына телефон ұстап, әй-шәйға қарамай қария кісінің заттарын жинап алып кетті
Алматыда полиция қызметкері гүл сатып, күнін әрең көріп, нәпақасын тауыр отырған әжейдің заттарын жинап алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, полиция қызметкерінің қолына телефон ұстап, әй-шәйға қарамай қария кісінің заттарын жинап, қызметтік көлігінің жүк салғыш бөлігіне салып жатқанын көруге болады.
Осы орайда агенттік тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау салғанда мынандай жауап алдық:
«Бейнежазбада тіркелген полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі лауазымды тұлғаға қатаң тәртіптік жаза қолданылатын болады.
Аталған аймақта бейберекет сауда жасау деректері бірнеше рет тіркелгенін атап өтеміз. Заңсыз саудамен айналысқан барлық азаматқа, оның ішінде осы әйелге де, бірнеше рет заң талаптары түсіндіріліп, ескерту жасалған.
Полиция барлық азамат заңды сақтауға міндетті екенін ескертеді. Сонымен қатар, заңның орындалуын қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері өз өкілеттіктерінің аясында ғана әрекет етуі тиіс», – дейді қалалық ПД агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.