$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 2027 жылдан бастап МӘМС жүйесіне қабылданатын мемлекеттік жарна артады

Бұл денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 2,8 трлн теңге тартуға мүмкіндік береді

Қазақстанда 2027 жылдан бастап МӘМС жүйесіне қабылданатын мемлекеттік жарна артады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2027 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне мемлекет тарапынан төленетін жарна мөлшерлемесі кезең-кезеңімен арттырыла бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова брифинг барысында мәлімдеді.

«Біз 2015 жылы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның алғашқы редакциясында көзделген бастапқы қаржылық модельге ішінара қайта оралуды бастаймыз. Ол кезде мемлекет жарнасының мөлшерлемесі 7% деңгейінде бекітілген болатын, ал қазіргі кезде бұл көрсеткіш – небәрі 2%», – деді Шоманова.

Оның айтуынша, бұл шешім қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін жарна мөлшерін арттырмай-ақ, медициналық көмек жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қаржыландыру үлесін кезең-кезеңімен арттыру нәтижесінде жарна мөлшерлемесі биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін өседі.

Оның айтуынша, бұл денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 2,8 трлн теңге тартуға мүмкіндік беріп, халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#медицина #МӘМС