$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қабатовтың кесірінен ажырасып кете жаздадым»: блогер ел білмейтін оқиғаны айтты (ВИДЕО)

Әзілкештің жеке өміріндегі жағдай өзіне қатты әсер еткенін жеткізді

«Қабатовтың кесірінен ажырасып кете жаздадым»: блогер ел білмейтін оқиғаны айтты (ВИДЕО)
Фото: Instagram/juldyzdar_alemy

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасындағы жағдайға алаңдаған блогерлердің бірі күйеуімен ажырасып кете жаздады. Бұл туралы мотиватор ретінде танылып жүрген блогердің өзі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде әзілкештің жеке өміріндегі жағдай өзіне қатты әсер еткенін жеткізді.

«Қазақстан азаматтары, не болып бара жатырсыңдар? Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен екі аптадай дұрыс сөйлеспей жүрдім. Қазақстанның бүкіл ер-азаматын жек көріп кеттім. Тұрсынбек Қабатовтан қатты психологиялық соққы алдым. Неліктен дейсіз бе? Оның өзі, отбасы, әзілдері – бәрі ұнайтын.

Қабатов әйелін тастап жас қызға кетіп қалыпты деген кезде бүкіл өмірім теріс айналып түсті. Сол үшін күйеуім соққы жеді менен. Мөлдірдің (ред. – әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқан) подкастарын тыңдадым, сонда ол Тұрсынбекке мама болып кетіппін, көп көңіл бөліп, өзімді жоғалтып алыппын, бүкіл өмірімді Тұрсынбекке арнадым дегенін айтты.

Осыны тыңдап алғаннан кейін күйеуіме Тұрсынбек осылай жасапты деп айтып бердім. Бұл маған соққы болды. Күтпеген едім, бұл отбасыны жақсы көретін едім, үлгі тұтатынмын. Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен ажырасып кете жаздадым», – дейді блогер.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары