06.08.2025, 15:47
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар құны 536 теңгеге дейін түсті
KASE биржасында доллар бағамы төмендеді
Фото: istockphoto.com
6 тамыз күнгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа өлшенген бағамы 536,58 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,97 теңгеге төмендеген.
Ұлттық банк бекіткен ресми курс – 537,53 теңге
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 6 тамызға арналған ресми бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 537,53 теңге.
Айырбастау пункттеріндегі баға айырмашылығы
Kurs.kz мәліметінше:
- Алматыда доллардың орташа сатып алу бағасы – 537,89 теңге, сату бағасы – 539,96 теңге;
- Астанада долларды орта есеппен 534,58 теңгеге сатып алып, 541,58 теңгеге сатады.
Доллар бағамы соңғы күндері төмендеп барады
Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда доллардың орташа өлшенген бағамы 1,35 теңгеге, ал 5 тамызда – 3,98 теңгеге төмендеген болатын.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды