Алматыда көлігінің терезесіне адам отырғызып жүрген жүргізушілер ұсталды
Олар жол ережесін өрескел бұзды
Алматы қаласында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жол ережесін бұзып, қауіпті автокөлік шеруіне қатысқан жүргізушілер анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Видео дәлел негізінде іздестіріліп, ұсталды
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған бейнероликтерді зерттеп, ондағы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокөлік жүргізушілерін жедел іздестіру шаралары арқылы анықтады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ұсталған жүргізушілердің әрқайсысына қатысты құқықтық талдау жүргізіліп, құқықбұзушылықтың сипатына қарай әкімшілік шаралар қолданылды.
Полиция: «Жол – ойын алаңы емес»
Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев:
«Мұндай әрекеттер жазасыз қалмайды. Біздің жұмысымыздағы басты қағидат – заң мен тәртіп. Жол – ойын алаңы емес. Жүргізушілер жеке жауапкершілікті ұмытпауы тиіс», – деп атап өтті.
Алдын алу шаралары жалғасуда
Полиция оларға профилактикалық түсіндіру жүргізіп, агрессивті жүргізу стиліне бейім жүргізушілермен байланысты жүйелі бақылау мен алдын алу шараларын жалғастыруда.