Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті
Астанада Chevrolet Cobalt көлік рулінде отырған тағы бір жүргізушінің мастурбация жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Ондағы мәліметке сүйенсек, Қараменде би Шақаұлы, 3 мекенжайында болған. Ол жолаушысын түсірген бойда мастурбация жасауға кіріскен.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне ресми пікір берді.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттелуде. Оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.
Полиция құқық бұзушылықтарды байқаған жағдайда бірден «102» нөміріне немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет екенін ескертеді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада такси жүргізушісі бойжеткеннің алдында ұятсыз қылық жасағаны туралы видео тараған.