$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда медициналық қызметтер қымбаттап барады – зерттеу

Медициналық қызметтерге тұтынушылық баға индексі жыл басынан бері 10%-дан 16%-ға дейін өсті

Қазақстанда медициналық қызметтер қымбаттап барады – зерттеу
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда медициналық қызметтердің, әсіресе анализдер, тексерулер мен алғашқы дәрігерлік қабылдаулардың бағасы қымбаттап барады. Сонымен қатар, ақылы қызметтерден түсетін ауруханалардың кірісі азайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Energyprom-ға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, медициналық қызметтерге тұтынушылық баға индексі жыл басынан бері 10%-дан 16%-ға дейін өсті. Бағаның көтерілуіне анализдер мен тексерулердің 21,5%-ға, сондай-ақ алғашқы қабылдаудың 19,5%-ға қымбаттауы әсер етті. Стоматологиялық қызметтердің бағасы 12%-ға, ал салалық мамандардың қабылдауы 8,6%-ға артқан.

«Бағаның қымбаттауына қарамастан, медициналық ұйымдардың ақылы қызметтерден түсетін кірісі бірінші тоқсанда 1,5%-ға қысқарды. Бұл – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен мемлекеттік бюджеттің шығынды өз мойнына көбірек алуының салдары. Бұл әсіресе ауруханаларда, перзентханалар мен хирургиялық бөлімшелерде айқын байқалады», – дейді Energyprom сарапшылары.

Сонымен бірге, мемлекет қатысуы минималды болатын жекеменшік сектор керісінше, табыстың өсуін көрсетті. Стоматологиялық қызметтерден түскен кіріс 49%-ға жуық, ал басқа медициналық көмектен түскен кіріс 26%-ға артқан.

Аймақтарға байланысты медициналық қызметке жұмсалатын шығындарда айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, Қарағанды облысында тұрғындар ақылы ем-домға орта есеппен бір адамға 9,8 мың теңге жұмсаса, Шымкентте бұл көрсеткіш небәрі 1,3 мың теңгені құраған. Шығындардың ең үлкен бөлігі бұрынғыдай стоматологияға тиесілі.

Серіктес жаңалықтары