$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ұялы байланыс операторларының тарифтері неліктен жиі қымбаттайды

Вице-министр БАҚ өкілдеріне жауап берді

Қазақстанда ұялы байланыс операторларының тарифтері неліктен жиі қымбаттайды
Фото: istockphoto.com

Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ұялы байланыс операторларының тарифтері не себепті өсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАҚ өкілдері Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері неліктен үнемі өсіп жатқаны туралы сұрақ қойды.

Вице-министр Дмитрий Мун байланыс сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Операторлардың тарифтерін реттеу функциясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) жүктелген және бізге белгілісі аталған агенттік операторларға тарифтер құрамын ашық көрсету туралы хабарламалар жолдаған.

Бұл ретте қоғамдық тыңдаулар мен тиісті рәсімдер өткізілуі қажет. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзыреті аясында қазіргі уақытта қандай да бір шектеу қою мүмкін емес. Бұл – БҚДА-ның құзыретіне кіретін мәселе», – деп жауап берді ол.

Серіктес жаңалықтары