$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

38 градус ыстық, өрт қаупі, шаңды дауыл: 5 тамыз күні ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» болжамы жарияланды

38 градус ыстық, өрт қаупі, шаңды дауыл: 5 тамыз күні ауа райы қандай болады
Фото: © freepik.com / luckystudio

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, аптап ыстық, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Түркістан облысында шаңды дауыл, қатты жел және өрттің ерекше жоғары қауіптілігі болжанып отыр.

Ақтау мен Атырауда да өрттің ерекше жоғары қауіптілігі сақталады.

Шымкент пен Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

Атырау және Маңғыстау облыстарында қатты жел соғады, ауа температурасы 38 градусқа дейін ысып, өрттің ерекше жоғары қаупі болады.

Ақмола, Абай және Павлодар облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп күтіледі.

Ақтөбе, Жамбыл және Қостанай облыстарында найзағай ойнап, қатты жел соғады, сондай-ақ өрт қаупі жоғары болады.

Орал қаласында, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, 35-38 градусқа дейінгі аптап ыстық, қатты жел және ерекше жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары