$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Игорь Крутой қарындасының ұзату тойына шақырғаны үшін Димашқа алғыс айтты

Олар ұзату тойда «Любовь уставших лебедей» әнін бірге орындады

Игорь Крутой қарындасының ұзату тойына шақырғаны үшін Димашқа алғыс айтты
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойына қатысып, артынша әншінің әлеуметтік желідегі жүрекжарды жазбасына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Игорь Крутой Димаштың отбасындағы қуанышты сәт – қарындасы Раушанның ұзату тойына құрметті қонақ ретінде қатысты.

Ол жас жұбайларды құттықтап, Димаш авторлық әні – «Любовь уставших лебедей» әнін шырқаған кезде рояльда бірге орындады.

Қазақ әншісі әлеуметтік желіде маэстроға осындай маңызды әрі әсерлі күні қасында болғаны үшін алғыс айтты.

«Сіздің келуіңіз біз үшін үлкен сыйлық болды. Бұл сый құрметпен ғана емес, жылулықпен, жан дүниемен және шынайы достықпен көмкерілген.

Сізді әрдайым ұлы композитор ретінде білетінбіз, бірақ мен үшін ең қымбат жайт – сіздің жүрегіңіз ашық, үлкен адам екеніңіз.

Музыкада да, өмірде де достығыңыз үшін рақмет», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Крутой өз кезегінде Димашқа шақырғаны үшін алғыс айтты.

«Қымбатты Димашжан, отбасыңыз үшін осындай салтанатты әрі маңызды күні қасыңызда болуға шақырғаныңызға көп-көп рақмет! Жас жұбайларға және бүкіл отбасыңызға бақыт тілеймін! Құрметпен, Игорь Крутой», – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары