$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 12:45
Жаңалықтар

Қолыңнан келмейтін іске араласпа – Тоқаев Қожағапановқа сөгіс берді

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көшеттердің Көктөбеде қалдырылғаны үшін қоластындағыларды жазалаған болатын

Қолыңнан келмейтін іске араласпа – Тоқаев Қожағапановқа сөгіс берді
www.sports.kz

Мемлекет басшысы Көктөбе баурайында лақтырылған алма көшеттері үшін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады.

«Швейцарияда үш жыл қызмет еттім. Ол жақта заңсыз бір ағашты кесу қылмыс саналады, өйткені ол халықтың меншігі. Көктөбе баурайында көшеттерді лақтыру ешбір сын көтермейтін жағдай. Осыған байланысты қала әкімінің бірінші орынбасарына сөгіс жариялаймын. Істі бастадың ба, бітіру керек. Қолыңнан келмейтін іске араласпа», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көшеттердің Көктөбеде қалдырылғаны үшін қоластындағыларды жазалаған болатын.

Естеріңізде болса, жақында волонтерлер Көктөбенің баурайында қызыл кітапқа енген 2 мыңға жуық Сиверс алмасының көшеті мен қызғалдақ баданасы бар жүзге жуық қораптың лақтырылғанын хабарлаған еді. Бұл жағдай қала әкімдігі ұйымдастырған ағаш отырғызу рәсімінен кейін болған.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары