03.08.2025, 04:39
Жаңалықтар
Ақтау маңындағы той жаппай төбелеспен аяқталды
Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Фото: Видеодан скрин
Мұнайлы ауданында өткен үйлену тойында қонақтар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Не болды?
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан ақ жейде киген бірнеше жігіттің көше бойында төбелесіп жатқанын көруге болады.
Полиция түсініктеме берді
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 31 шілде күні болған. Той қонақтары арасында ауызша кикілжің шығып, ол соңы үлкен жанжалға ұласқан.
«Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Олар – 2004-2005 жылы туған жастар. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция департаменті.
Көп оқылған
25.06.2026, 12:53
Инстаграмдағы видеосы үшін: танымал блогер Алексей Лодочниковтың үстінен полицияға арыз түсті
25.06.2026, 10:18
Түркістан облысында қылмыстық топ арнайы тоннель қазып, Өзбекстанға бензин жеткізіп отырған
25.06.2026, 19:30
Алматының орталық көшелерінің бірінде жер астынан от шықты (ВИДЕО)
25.06.2026, 14:58
Ақтөбеде жас жігіт әскерге бармас үшін 250 мың теңге берген