Шымкентте 17 адам балмұздақ жеймін деп аурухана төсегінен бір-ақ шықты
Санитар дәрігерлердің айтуынша, елдің әр аймағында құйылмалы балмұздақтан улану жағдайлары жиі тіркеледі

Шымкент қаласында 17 адам балмұздақтан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өнім – тез бұзылатын тағам түріне жатады және оны сақтау үшін қатаң температуралық режим қажет. Алайда, мамандардың мәліметінше, бұл талаптар көбіне сақталмайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Информбюро 31» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Саудагерлер санитарлық талаптарды елемейді
Балмұздақ сату орындарына санитарлық тексерістер тек ресми шағымдар немесе прокуратура тапсырмасы түскен жағдайда ғана жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулер заң бойынша тыйым салынған.
«Егер прокуратурадан немесе мемлекеттік және жеке тұлғалардан ресми шағым түссе, жоспарлы тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін санитарлық-ағарту жұмыстарын қолға алып отырмыз. Егер нысан жоғары қауіп тобына жатса және санитарлық қорытындысы болмаса, оның қызметі тоқтатылуы мүмкін», – деді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғамдық тамақтану нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Әсем Дәулетова.
Уланғандар – әртүрлі өңірдің тұрғындары
Санитар дәрігерлердің айтуынша, елдің әр аймағында құйылмалы балмұздақтан улану жағдайлары жиі тіркеледі.