$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда балалардың көзінше жалаңаш жүрген ер адам сотталды

Сот оған 14 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын кесті

Ақтауда балалардың көзінше жалаңаш жүрген ер адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтауда демалыс базасында кәмелет жасқа толмаған қыздардың көзінше жалаңаш жүрген ер адам жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше ер адам өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзған, сондықтан қамауға алынды.

«Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды. (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі)», - деп жазылған хабарламада.

Сот Б.-ның 27.07.2025 жылы сағат түнгі 2 шамасында Ақтау қаласы  «Стигл» демалыс базасында алкогольден масаң күйде демалыс орнында демалып жатқан кәмелет жасқа толмаған қыздардың көзінше жалаңаш жүріп, қасақана ұсақ бұзақылықты жасағанын анықтаған.

Өз кінәсін мойындады

Құқық бұзушы Б.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі оның түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қортындысымен және іс материалдарымен дәлелденген.

«Құқық бұзушы Б. хаттамамен келісетінін және өз кінәсін мойындайтынын айтты», - дейді сот.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы кесілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары