$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оны жақсы білемін»: белгілі әнші Қуат Хамиттің қандай адам екенін айтты

Қуат Хамитов еліміздің спорт саласына қатысты өткір пікірімен жиі көзге түседі

«Оны жақсы білемін»: белгілі әнші Қуат Хамиттің қандай адам екенін айтты
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Қазақстандық танымал әнші Луина ММА спортшысы Қуат Хамитов туралы пікірі білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол – тік мінезді, өз ойы мен ұстанымы бар адам. Мен оны желіден тыс, камерадан тыс ортада жақсы білемін. Қуат өте тәрбиелі, кішіпейіл. Ол ешқашан менің немесе таныстарымның намысына тиетін сөз айтқан емес. Нағыз қазақтың жігіті. Өз басым қатты құрметтеймін», – деді Луина SPORT+ арнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Қуат Хамитов еліміздің спорт саласына қатысты өткір пікірімен жиі көзге түседі. Әсіресе, ол қазақстандық футболшыларға қатысты сынды көп айтқан. Сондай-ақ ол болашақта президенттік сайлауға түскісі келетінін жасырмайды.

Танымал спортшы бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қысқасы, мен 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім! Менің олардан қай жерім кем? Кейбіреулер сияқты халқының қанымен байлық жинаған жоқпын! Біздің елге ешқандай реформа көмектеспейді! Бар болғаны – ұрланған ұлттық байлықты қайтарып, оны экономикаға қайта құю керек!», — деп жазды спортшы.

Серіктес жаңалықтары