$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде камераның алдында нөмірі «бұғып» қалатын Lexus ұсталды (ВИДЕО)

Құқық бұзушы әлеуметтік желіде тараған видео арқылы табылды

Ақтөбеде көлік нөмірін жасыру мақсатында құрылғы орнатқан жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Lexus жүргізушісі өз көлігін арнайы құрылғымен жабдықтап, мемлекеттік нөмірлерді жасыруға тырысқан. Аталған құқық бұзушылық Батыс-2 ықшам ауданында бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады», - деп жазылған хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасыру, өзгерту немесе бұрмалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды пайдалану жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция ескерту жасады

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін еске салды. Мұндай бақылау жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жол апатының алдын алуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары