Қару-жарақтан бастап бензинге дейін: Қазақстан аумағына қандай заңсыз дүниелер өтіп кете жаздаған
ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы шілдедегі жұмыс қорытындылары жарияланды

2025 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау аясында құзырлы органдармен бірлесіп ауқымды іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық бұзушылықтар мен ұсталғандар саны
Ай қорытындысы бойынша шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 725 адам ұсталды, оның ішінде 4 132-сі – шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтудің 1 462 фактісі анықталды
Анықталған заңсыз тасымалдардың негізгі бағыттары:
- 60 факті – қару-жарақ пен оқ-дәрілер;
- 25 факті – діни әдебиеттер (627 дана);
- 524 факті – жанар-жағармай материалдары (шамамен 35 тонна);
- 682 факті – халық тұтыну тауарлары (жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам);
- 171 факті – шетел валютасы (жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам).
Каспий акваториясындағы браконьерлікпен күрес
Каспий теңізінің су айдынында:
- 51 браконьерлік әрекетке тосқауыл қойылды;
- 14 жүзу құралы тәркіленді;
- 20 шақырымға жуық ау балық аулау құралдары жойылды.
Жалпы келтірілген залал сомасы шамамен 116 миллион теңгені құрайды.
Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Шекарада шектеу шаралары енгізілген жоқ
Қазіргі уақытта Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.
«Сырым» өткізу пунктінде уақытша шектеулер енгізіледі
2025 жылғы 4 тамыздан бастап, «Сырым» өткізу пунктінде жаңарту және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты жүк автокөліктерінен басқа көлік құралдарының өтуіне уақытша шектеулер қойылады.
Қалған өткізу бекеттері әдеттегі режимде жұмысын жалғастыра береді.