$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер ескерту жасады

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, 1 тамыз күні еліміздің екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай зиянды қоспалардың жер бетіне жақын қабатта жиналып, таралмауына себеп болатын ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты.

«2025 жылғы 1 тамызда Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) дегеніміз не және олар қаншалықты қауіпті?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл келесі ауа райы құбылыстары:

  • Желсіздік;
  • баяу жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді. Бұл ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеліп соғады, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өнеркәсіптік аймақтарда.

Серіктес жаңалықтары