Ақтөбе облысындағы су тасқыны: «Магаджан» бөгетін тексермеген шенеунік сотталып кетті
Су бөгеті қирап қалған

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Магаджан» су бөгетінің қирауына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды. Аталған әкімдік қызметкері гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.
«Салдарынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіздік жерге жеткізілді.
Келтірілген шығын 211 млн теңгеден асты.
Сот кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген ҚМА хабарламасында.