01.08.2025, 00:26
                Жаңалықтар
            Бүгіннен бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды
Өзгеріс 2025 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді
                        Фото: pixabay
                                                            
                Қазақстанда электр энергиясына жаңа шекті тарифтер бекітілді. Тиісті бұйрыққа 29 шілдеде энергетика министрінің міндетін атқарушы қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат электр энергиясын сататын бірқатар энергия өндіруші ұйымның тарифін көтеруді қарастырады. Өзгеріс 2025 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді.
Электр энергиясын сататын мына компаниялардың тарифі өзгереді:
- Т.И. Батуров атындағы ГРЭС – кВт/сағ үшін 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін,
 - Ақтөбе ЖЭС – кВт/сағ үшін 17,54-тен 18,19 теңгеге дейін,
 - "Жайықжылуэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін,
 - МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін,
 - «Жаңажол ГТЭС» ЖШС – 14.36 теңгеден 16.06 теңгеге дейін,
 - "Кристалл Менеджмент" АҚ тарифті 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін,
 - "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін,
 - "З-Энергоорталық" кәсіпорны – 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін,
 - "Қызылордажылуэлектрорталығы" – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін,
 - "Батыс Пауэр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін,
 - "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін,
 - "OzenMunaiProm" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін,
 - "Қазхром" ТҰК" АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін.
 - "ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін.
 - «ЛУКОЙЛ-Экоэнерго Қазақстан» ЖШС – 44.02 теңге.
 
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
03.11.2025, 14:18
            «Қыршыннан қиылды»: Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің 3 студенті қатар қаза тапты
        03.11.2025, 16:12
            Қазығұртта дәл той кезінде отшашудан бола өрт шығып, қонақтар жапатармағай қашқан (ВИДЕО)
        03.11.2025, 22:02
            Жаназаға асығып бара жатқан жігіттің қулығы әшкере болды
        03.11.2025, 17:47
            Қуандық Бишімбаевтың анасы өз туысын соттатып жатыр - әңгіме 990 мың долларға қатысты