Астанада 60 жастағы ер адам саябақта жалаңаш серуендеп жүр (ВИДЕО)
Ол адам көп жүретін орында серуендеп жүр
Астанада 60 жастағы ер адамның саябақта тыржалаңаш серуендеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңертең Астанада өтіп бара жатқан тұрғындар киімсіз жүрген ер адамды байқап қалған. Желідегі мәліметке сүйенсек, ол Ұлттық теннис орталығы мен St. Regis қонақүйінің арасындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүрген. Бұл – қаладағы адамдар көп жүретін аумақ, жақын маңда балалардың жаттығулары өтіп жатады.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның жасы – 60-та, оның жеке басы анықталды.
«Аталған факті бойынша полиция 60 жастағы ер адамды анықтады. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мен айналадағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Мұндай әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.