$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысының тұрғыны өз үйіне есірткі өсірген

Есірткі қора-жайларда, гаражда және тіпті моншада өсірілген

Қостанай облысының тұрғыны өз үйіне есірткі өсірген
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысының тұрғыны өз үйінде жасырын фитозертхананы ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке тұрғын үйдің ауласынан ерекше иісі бар өсімдіктердің бұталары, сондай-ақ оларды үй жағдайында өсіруге арналған арнайы құралдар мен құрылғылар табылды. Өсімдіктер қора-жайларда, гаражда және тіпті моншада өсірілген.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген өсімдіктердің қарасора екені анықталды. Медициналық куәландыру үй иесінің каннабиноидтарды қолданғанын көрсетті, есірткі заттарын ол өзі тұтыну үшін сақтаған.

«Азаматқа қатысты құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді ірі көлемде заңсыз өсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнама бойынша бұл қылмыс үшін үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция өкілдері бұл фитозертхана биыл облыс аумағында анықталған жетінші жағдай екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды немқұрайлы болмауға және күмәнді жағдайлар туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары