$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Париж Олимпиадасында чемпион болған өзбекстандық боксшы допинг қолданды деген күдікке ілінді

Оның сынамасынан «метастерон» атты синтетикалық анаболикалық стероид табыл

Париж Олимпиадасында чемпион болған өзбекстандық боксшы допинг қолданды деген күдікке ілінді
Фото: zamin.uz

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажанов антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Zamin.uz мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс кезеңде жүргізілген тексеру барысында спортшының сынамасынан «метастерон» атты синтетикалық анаболикалық стероид табылған.

Метастерон – Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тыйым салған заттардың тізіміне енгізілген және С1.1 санатына жатады. Бұл затты жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да қолдануға болмайды.

Аталған зат бұлшықет массасын, күш пен төзімділікті күрт арттыру қабілетімен танымал. Бұл – әділ спорт қағидаттарына қайшы келеді.

Спортшыға сынама нәтижесі туралы ресми түрде хабарланған және «Б» сынамасын талдауды талап ету құқығы берілген. Егер екінші сынама да тыйым салынған заттың бар екенін растаса, бұл ресми түрде ереже бұзу деп есептеледі. Ал одан бас тарту да бұзушылық ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ Лазизбекке өз ұстанымын түсіндіруге мүмкіндік берілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, түпкілікті шешім барлық процедура аяқталғаннан кейін қабылданады.

Серіктес жаңалықтары