$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы Жамбыл облысының жылу жүйесін жаңарту жұмысына бақылау жүргізді

Комиссия мүшелері құрылыс жұмысын аралап, құбыр жүйесін салу барысымен танысты

«AMANAT» партиясы Жамбыл облысының жылу жүйесін жаңарту жұмысына бақылау жүргізді
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тараз қаласындағы жылу жүйесін жаңарту жұмыстарын қадағалады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия мүшелері Жамбыл даңғылы бойындағы (Төле би даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығы) құрылыс жұмысын аралап, құбыр жүйесін салу барысымен танысты. Бүгінде аталған аумақта 340 метр астыңғы лоток пен құбырлар төселген. Бұл жұмыс биыл 14 маусымда басталды. Мердігер компанияның мәліметінше, жұмысты қыркүйек айының ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған жұмысқа облыстық бюджеттен бөлінген қаржының 30%-ы (27,5 млн тг), республикалық бюджеттен қарастырылған қаражаттың 19,7%-ы (162,8 млн тг) аванс ретінде төленді. Алайда, мамыр айына жоспарланған республикалық трансферттің түспеуіне байланысты, 85 млн теңге берілген жоқ. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 55,4 млн теңге қайта алынуына байланысты, қалалық бюджетке өтінім берілді.

«Қазірде құбырлары ауыстырылып жатқан көше бойында көлікпен жүру қиындады. Қала орталығына жақын көше болғандықтан кептеліс те көбейді. Тұрғындардың қазірге талап-тілегі – Төле би және Қазыбек би көшелеріндегі жұмыстарды барынша тезірек аяқтап, асфальт жабындысын төсеу. Одан бөлек, шағын бизнес ошақтарының да жұмысы осы жолдың қазылуына байланысты тоқтап тұр», – деді «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Жұмахан Тәңкебаев.

Бұл жұмыс алдағы уақытта да партия назарында болады.

Серіктес жаңалықтары