$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде 5-қабатта терезе жуып тұрған әйел құлап, көз жұмды

Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растады

Өскеменде 5-қабатта терезе жуып тұрған әйел құлап, көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Өскеменде оқыс жағдайда қайғылы оқиға болды. Бесінші қабатта пәтерінің терезесін жуып тұрған әйел адам абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісі пікір білдірді.

«30 шілде күні Өскемен қаласында Алматы көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден әйел адам құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Анықталғандай, 1942 жылы туған азаматша терезе жуып жатқан кезде абайсызда құлап кеткен.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жеке қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өз денсаулығы мен өміріне ұқыпты қарауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары