$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күн салқындайды: шілденің соңғы күні қалаларда ауа райы қандай болады

Еліміздің солтүстігінде күн салқындайды

Күн салқындайды: шілденің соңғы күні қалаларда ауа райы қандай болады
Фото: pixabay

31 шілдеде Қазақстанның қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, батыста, оңтүстікте +36 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан  9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +22...+24.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 3–8 м/с жел, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +23...+25.

Қостанайда бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +21...+23.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +23...+25.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +22...+24.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +27...+29.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31.

Семейде көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +29...+31.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 18–23 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +22...+24.

 

Серіктес жаңалықтары