Бұршақ, дауыл, аптап ыстық: Қазақстанның басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды
Жоғары өрт қаупі сақталады

Синоптиктер 31 шілдеде елордада, Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның барлық дерлік облысында дабылды ескерту жариялады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады және аптап ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысында батыста, солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 25 м/с. Көкшетауда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15- жел 20 м/с соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстікте, оңтүстікте және шығыста қатты жаңбыр жауады, күндіз дауыл соғады, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстікте және шығыста тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с. Петропавлда күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с.
Қостанай облысында солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз батыста және солтүстікте 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары, батыста жоғары болады. Қостанайда найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысында солтүстікте және оңтүстікте найзағай ойнайды. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Батыста және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары. Павлодарда жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауып, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстікте түнде найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Солтүстікте жоғары, батыс пен оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда кей уақытта найзағай ойнайды.
Ұлытау облысында түнде солтүстікте, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында түнде солтүстікте және шығыста, күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстікте, солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай ойнайды.
Атырау облысында түнде шығыста найзағай ойнайды. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстіктен жел соғады, 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста өте жоғары, оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Атырауда күндіз 35 градус ыстық болады, өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік пен батыста 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с. Оңтүстікте күндіз 35 градус ыстық болады. Өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Абай облысында түнде солтүстікте, күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с. Оңтүстікте күндіз 35 градус ыстық. Өңірде жоғары өрт қаупі бар, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта өте жоғары. Семейде түнде және таңертең найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте және тауларда кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыстан 18-23 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз найзағай ойнайды, жел 18 м/с, өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз найзағай ойнап, 18-23 м/с жел соғады, өте жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында күндіз оңтүстікте, орталықта және тауларда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысында түнде таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз таулы аймақтарда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және тауларда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте, батыста және шығыста өте жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында күндіз солтүстікте және орталықта кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.