$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда студенттерден 1 млн теңге бопсалаған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін

Полиция 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін жасалған бірнеше қылмыстық оқиғаны тергеп жатыр

Қостанайда студенттерден 1 млн теңге бопсалаған күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғыны екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.

«Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерден шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр: полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексеруде», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары