$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайрам-Өгемде екі жасөспірім адасып кетті

Құтқару операциясы сәтті аяқталды

Сайрам-Өгемде екі жасөспірім адасып кетті
Фото: istockphoto.com

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі аумағында адасқан екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тік жартастан түсе алмаған

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше құтқару операциясы Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылынан 20 шақырым жерде жүргізілді.

«13 жастағы екі турист адасып, тік жартасты беткейде қалып қойған. Өздігінен төмен түсе алмаған», - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендердің бірімен байланыс тұрақсыз болғанымен, геолокациясы анықталды.

Жасөспірімдер аман-есен құтқарылды

Құтқару жұмыстарына кинологпен бірге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жұмылдырылды.

«Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының  көмегімен туристердің орнын анықтап, бағыт-бағдар беріп, қауіпсіз жерге дейін түсірді», - деп атап өтті құтқарушылар.

Құтқару операциясы сәтті аяқталып, екі жасөспірім аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Серіктес жаңалықтары